Еуропа патшалықтарының түзу деген құр аты болмаса, іс жүзінде – бір-біріне қасқыр. Тарих жүзінде Еуропа Азия жұртының бетіне Шыңғыс хан һәм Ақсақ Темір ісін басады. Осы екі патша қанша жәбір іс қылды деп, бұлар өз уақытында заманына қарай іс қылғаны рас. Ал осы жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшаларының қылған ісін кім ақтап ала алады? Бұлардың қайсысы қолынан келсе Шыңғыс хан һәм Темірлан болмайын дейді...
Әлихан Бөкейханов1866–1937

Автор туралы
1866–1937
«Алаш Орда» автономиялы үкіметінің төрағасы, көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым әрі публицист. Ол қазақ халқының өзін-өзі басқаруы мен бостандығы жолында күресіп, ұлттық мемлекеттілік идеясының негізін қалады.
Толығырақ