Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса, жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.Әлихан Бөкейхановеладамгершілік
Көп оқыса, зейінді болса – білімді болмақ, ал мінезі жақсы бола ма, әлде жаман бола ма – мұны құдай біледі.Әлихан Бөкейхановбіліммінез
Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы соңынан ерер еді.Әлихан Бөкейхановелерлік
Еуропада халық партия болғанда адаспас ақ жол табамыз деп, адам аспас асқар белден асамыз деп, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады.Әлихан Бөкейхановсаясат
Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді.Әлихан Бөкейхановжер
Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда үкіметтен ақша алса – сатылып кетеді. Рухани іс аяқасты болады. Жалақы алған молдалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, үкімет ісін бөліп қойған оң болады.Әлихан Бөкейхановдінсаясат
Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген – қыстыгүні үңгірде жатып өз аяғын өзі сорған аю тәрізді.Әлихан Бөкейхановбайлықәділет
Орыс патшалығының адам болып отырғаны – мұжықтың әділдігі. Орыс патшалығының бар адамының күнелтіп отырғаны – мұжықтың жанкештілігі (жанпидалдығы).Әлихан Бөкейхановсаясат
Аз адам атқа міндім деп, қасқыр болып көпке шапса – мұндай жұртта береке қайдан болсын?!Әлихан Бөкейхановеләділет
Хан баласында қазақтың хақысы бар: қалайда қазақтың бір қызметіне жарамай қоймаймын!Әлихан Бөкейхановелерлік
Бізде болыс көп сайлаған болмай, бөтен елден орыс жетелеп әкелген бұралқы болды.Әлихан Бөкейхановбиліксаясат
Болыс болуға лайықты кісі – халық пайдасын білетін, жөн мен жол көрген, жұрт сөзін тыңдай да, құрметтей де алатын кісі.Әлихан Бөкейхановбилікел
Тіршілік – бәйге: жүйрік алар, шабан қалар. Еріншек пен езге жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ.Әлихан Бөкейхановөміреңбек
Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тыңдаған, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы.Әлихан Бөкейхановәділетбилік
Байлық түбі – ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды.Әлихан Бөкейхановбайлықеңбек
Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады.Әлихан Бөкейхановбірлікел
Мал бағып, малының артынан еріп көшкен қазақ сияқты халық байлық пен қазына мал кіндігінде деп біледі.Әлихан Бөкейхановбайлықел
Халық ісін орнына салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек.Әлихан Бөкейхановелеңбек
Тіршілік – ғұмыр белгісі – алыс-тартыс, арбау-әдіс. Кім шебер болса, жалықпай-талмай ізденсе, бірігіп, тізе қосып әдіс қылса – ғұмыр бәйгесі соныкі. Торғайдың ақ үрпек балапанынша ауызды ашып, біреуге жалынып-жалпая бергеннен түк шықпайды, іс өнбейді. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген де балапан болмай, әдіс қыл деген ғой.Әлихан Бөкейхановөміреңбек
Кедей тамақ асыраймын деп, ақылсыз жас атымды шығарамын деп, надан ақсақал кек аламын деп ұрлық жасайды.Әлихан Бөкейхановмінезәділет
«Күн шыққанша қарау көзді соқыр қылады» деген орыстың өзгеге телмірген жұртқа шығарған мәтелі бар.Әлихан Бөкейхановазаттық
Шыңғыс хан дүниені алды, артында түк белгі қалған жоқ. Ақсақ Темір дүниені алмаса да, артында Самарқанд, мешіт, медресе белгі қалды. Шыңғыс – көшпелі, Ақсақ Темір – отырықшы.Әлихан Бөкейхановтарихмәдениет
Австралия қойының еті төрт ай мұхитта кемемен жүріп келіп, Петербург базарында сатылады. Малы көшіп жүр, адамы қала болып отыр.Әлихан Бөкейхановмәдениетеңбек
Мал һәм егін шаруасымен айналысу отырған-көшкенге байланысты емес, жеріне, жерінің ауа райына қарай айқындалады, тағы өзге неше көп себеппен шаруа өзгертіледі.Әлихан Бөкейхановеңбек
Әр заманаңың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды.Әлихан Бөкейхановзаманазаттық
Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу – аш түйенің күйсеуі сынды дәрменсіздік.Әлихан Бөкейхановзаманазаттық
Зауыт ісі жүріп кетуі үшін жылқы жайлауындағы боз дала мен тұнық судай мәдениет ахуалы қажет.Әлихан Бөкейхановмәдениетеңбек
Мұжық егінші болғанда, қазақ жақсы малшы болса, бірінен-бірі керектерін алып тұратын жақсы көрші болады.Әлихан Бөкейхановеңбекел
Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт.Әлихан Бөкейхановәділетбилік
Адамзат екі аяқты, сөйлейтін сөзді, ұятты болып өзге хайуаннан айырылады.Әлихан Бөкейхановадамгершілік
Бұл ғұмыр тойына шақырылған көптің бәрі бірдей өз өнеріне тиісті орын ала бермейді.Әлихан Бөкейхановөмірөнер
Түрік затты халықта біздің қазақтай бір жерде тізе қосып, қалың отырған іргелі ел жоқ.Әлихан Бөкейхановтілел
Еуропа мәдениеттімін-мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі әлі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.Әлихан Бөкейхановмәдениетмінез
Еуропа патшалықтарының түзу деген құр аты болмаса, іс жүзінде – бір-біріне қасқыр. Тарих жүзінде Еуропа Азия жұртының бетіне Шыңғыс хан һәм Ақсақ Темір ісін басады. Осы екі патша қанша жәбір іс қылды деп, бұлар өз уақытында заманына қарай іс қылғаны рас. Ал осы жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшаларының қылған ісін кім ақтап ала алады? Бұлардың қайсысы қолынан келсе Шыңғыс хан һәм Темірлан болмайын дейді...Әлихан Бөкейхановтарихсаясат
Саясат ісі мәдениет соқпағына анық түскен жұрттың саяси партиясы аз болады.Әлихан Бөкейхановсаясатмәдениет
Жан айқай: қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?!Әлихан Бөкейхановелерлік
Жан тебіреніс: Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік, енді бүгін теңелдік!Әлихан Бөкейхановазаттық
Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады. Бақыт пен махаббаттан тысқары болады: бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?!Әлихан Бөкейхановазаттықсаясат
Бұл хаттың әдемілігі сондай – менің қаламыма сыймайды! Бұл хатты маған переводтау – күнә!Әлихан Бөкейхановсөз
Дүниеде адам баласы айналып өтпес екі-ақ көпір бар: бірі – өлім, бірі – махаббат.Әлихан Бөкейхановөмірмахаббат