Бұрын шын бар бүгін шын, Ертең шын бар үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың, Бұзылмайтын шын керек.Шәкәрім Құдайбердіұлыөмір
Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас; Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол.Абай Құнанбайұлыөмірдостық
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қалан!Абай Құнанбайұлыөмір
Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да, қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға.Абай Құнанбайұлыөмір
Өмір ақ пен қараның, қайғы мен қуаныштың, сүйініш пен күйініштің текетіресуімен қызық, қақтығысуымен мәнді.Дінмұхамед Қонаевөмір
Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады: адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.Шәкәрім Құдайбердіұлыөмір
Тіршілік – бәйге: жүйрік алар, шабан қалар. Еріншек пен езге жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ.Әлихан Бөкейхановөміреңбек
Тіршілік – ғұмыр белгісі – алыс-тартыс, арбау-әдіс. Кім шебер болса, жалықпай-талмай ізденсе, бірігіп, тізе қосып әдіс қылса – ғұмыр бәйгесі соныкі. Торғайдың ақ үрпек балапанынша ауызды ашып, біреуге жалынып-жалпая бергеннен түк шықпайды, іс өнбейді. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген де балапан болмай, әдіс қыл деген ғой.Әлихан Бөкейхановөміреңбек
Бұл ғұмыр тойына шақырылған көптің бәрі бірдей өз өнеріне тиісті орын ала бермейді.Әлихан Бөкейхановөмірөнер
Дүниеде адам баласы айналып өтпес екі-ақ көпір бар: бірі – өлім, бірі – махаббат.Әлихан Бөкейхановөмірмахаббат